Қызылордада киікке ұқсас 60-қа жуық жануардың өлексесі табылды

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда.

Қараша 24, 2026 - 16:04
 0  0
Қызылордада киікке ұқсас 60-қа жуық жануардың өлексесі табылды
Экология министрлігі

20 қарашада Қызылорда қаласында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, киікке ұқсас жануарлардың 58 өлексесін анықтады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігіне сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеу жүргізілді.

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жабайы жануарларды заңсыз аулауға жол бермеуге шақырады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0