ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесі мен басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді
Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесі Омарбеков пен басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді. Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды sadaq.kz ҰҚК сайтына сілтеме жасап.
2026 жылғы 23 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Бұл туралы ҰҚК өкілдері мәлім етті.
"Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.