Аян Тұрсын Қазақстанда күрең берет алған алғашқы әйел атанды

Күрең берет – әскери қызметшілердің жоғары деңгейдегі даярлығын, физикалық және психологиялық төзімділігін, кәсіби шеберлігі мен жауынгерлік дайындығын айқындайтын ерекше белгі.

Қараша 25, 2026 - 16:35
 0  0
Аян Тұрсын Қазақстанда күрең берет алған алғашқы әйел атанды
Фото: gov.kz

Қазақстандық әскери қызметші Аян Тұрсын елімізде Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің күрең беретін иеленген алғашқы әйел атанды, деп жазады Sadaq.kz.

Күрең берет – әскери қызметшілердің жоғары деңгейдегі даярлығын, физикалық және психологиялық төзімділігін, кәсіби шеберлігі мен жауынгерлік дайындығын айқындайтын ерекше белгі.

Аян Тұрсын бұл ерекшелікке ие болу үлкен мәртебе әрі жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, күрең берет – Отанға адалдықтың, тәртіп пен әскери абыройдың символы.

Әскери қызметші алдағы уақытта да Қазақстанға абыроймен қызмет етіп, кәсіби жолында жаңа жетістіктерге жетуге ниетті екенін жеткізді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0