Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген.
Алматының Түрксіб ауданында жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды sadaq.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдағы 112 пультіне Түрксіб ауданындағы Янка Купала тұйық көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген.
"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды және жылыту әрі электр құрылғыларын пайдалану кезінде сақ болуды ескертеді.