Шымкентте қыздарға тиісіп, стақан лақтырған жігіт ұсталды

Оқиға 25 қарашада болған. Куәгерлердің сөзінше, бір топ ер адам кофеханада отырған қыздарға танысуды ұсынған.

Қараша 26, 2026 - 12:46
 0  0
Шымкентте қыздарға тиісіп, стақан лақтырған жігіт ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Шымкенттегі кофеханалардың бірінде болған жанжал соңы қыздардың бірінің жарақат алуымен аяқталды. Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 25 қарашада болған. Куәгерлердің сөзінше, бір топ ер адам кофеханада отырған қыздарға танысуды ұсынған. Қыздар ұсыныстан бас тартқан соң, жігіттер олардың ұлтын сұрап, артынша балағат сөздер айта бастаған.

Арадағы кикілжің кезінде ер адамдардың бірі қыздарға қарай шыны стақан лақтырған. Салдарынан қыздардың бірі беті мен қолынан жарақат алып, бір тісі сынған. Дәрігерлер жәбірленушінің ерні мен қолына тігіс салған.

Жанжалдан кейін күдіктілер полиция келгенге дейін оқиға орнынан кетіп қалған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0