Алматыда жеке тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды

Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар

Қараша 26, 2026 - 09:21
 0  0
Алматыда жеке тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды
фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының Бостандық ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан бес адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлайды sadaq.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

112 пультіне өрт туралы хабарлама сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту түскеннен кейін төрт минуттан соң оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның қарқынды таралғаны анықталған.

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 қызметкер мен 9 арнайы техника жұмылдырылған.

Өрт орнынан бес адамның, оның ішінде бір баланың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0