Геннадий Головкин Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Головкин отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапаттар табыстады.

Қараша 26, 2026 - 14:55
 0  8
Геннадий Головкин Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
Фото: ҰОК

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиада комитетінің орденімен марапатталды. Ол бұл марапатты отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.

25 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапаттар табыстады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен 2026 жылы ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0