ІІМ азаматтарды алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды

Тәртіп сақшылары алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайын алдын ала тексеруге кеңес берді.

Қараша 27, 2026 - 10:30
 0  0
ІІМ азаматтарды алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды
Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады. Полицейлер азаматтарды жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Еске салайық, Қазгидромет деректеріне сәйкес, 26 қарашадан бастап еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі.

Атап айтқанда, жаңбыр мен қар жауып, жел соғады.

"Жолда көктайғақ болуы мүмкін. Қолайсыз ауа райы жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Көріну қашықтығы төмендеп, көліктің тежеу жолы ұлғаяды. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көлік құралдары арасында қауіпсіз қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, кез келген маневрді барынша сақтықпен орындауды ескертеміз", - дейді министрлікте.

Тәртіп сақшылары алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайын алдын ала тексеруге кеңес берді.

"Қажет болмаса, қалааралық сапарлардан бас тартқан жөн. Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көлік құралдарын қысқы дөңгелектерсіз пайдалануға тыйым салынады", - деп ескертті министрлікте.

Полиция жаяу жүргіншілерді де сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, жолдан өтер алдында көліктердің толық тоқтағанына немесе жүргізушінің жол бергеніне көз жеткізуге, жолдан өту кезінде ұялы телефонға алаңдамауға кеңес берді.

Министрлік хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырма берілген.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0