«Атыраулық хакер» атымен танылған азамат алаяқтық ісі бойынша сотталды

32 жастағы азамат бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталды.

Қараша 27, 2026 - 11:01
 0  1
«Атыраулық хакер» атымен танылған азамат алаяқтық ісі бойынша сотталды
Фото: Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» атымен танылған Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот үкімі шықты,  деп хабарлайды Sadaq.kz.

32 жастағы азамат бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталды.

Іс бойынша 12 адам жәбірленуші деп танылып, жалпы шығын 13 миллион теңгеге жуықтаған. Оның 9 миллион теңгесі қайтарылған. Жаңбырбаев қалған 2 миллион теңгеге жуық берешекті өтеуге уәде берген.

Айта кетейік, ол Жангелдин ауылындағы тұтас бір отбасының жоғалуына қатысты оқиғадан кейін елге танылған. 2026 жылдың қаңтарында Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген. Алайда оған тағылған алаяқтық айыбы отбасының өліміне қатысты тергеумен байланысты емес.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0