Алматыда 15 жастағы қызға тиіскен такси жүргізушісі ұсталды

Қыздың айтуынша, такси жүргізушісі оған рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай ұстап қалып, сүймек болған.

Қараша 26, 2026 - 17:30
 0  1
Алматыда 15 жастағы қызға тиіскен такси жүргізушісі ұсталды
Фото: Ашық дереккөз

Алматы тұрғынының шағымынан соң полиция такси жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, 15 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасалды деген дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Кәмелетке толмаған қыздың анасы Алмалы аудандық полиция басқармасына арызданған. Қыздың айтуынша, такси жүргізушісі оған рұқсатсыз қол тигізіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай ұстап қалып, сүймек болған.

Күдіктінің кім екені анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0