Көкшетауда аурухана маңынан ер адамның денесі табылды

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, марқұм ауруханада ем қабылдап жатқан науқас болған және ғимараттың терезесінен құлап кеткен.

Қараша 27, 2026 - 13:42
 0  0
Көкшетауда аурухана маңынан ер адамның денесі табылды

Көкшетау қаласындағы медициналық мекемелердің бірінің аумағынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, марқұм ауруханада ем қабылдап жатқан науқас болған және ғимараттың терезесінен құлап кеткен.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 25 қараша күні тіркелген. Тәртіп сақшыларының алдын ала болжамына сәйкес, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0