Түрік киносының жарық жұлдыздары Астанада бас қосты

Бес күнге созылатын мәдени іс-шара аясында қазақстандық көрермен халықаралық кинофестивальдерде жоғары бағаланған, «Оскар» сыйлығына ұсынылған және түрлі жанрдағы 6 фильмді тамашалай алады.

Қараша 27, 2026 - 12:14
 0  3
Түрік киносының жарық жұлдыздары  Астанада бас қосты

Астанада «Шүкір», «Ертұғырыл» және «Жеңілтек» сериалдары арқылы танылған түрік актерлері жанкүйерлерімен кездеседі. 26–30 қараша аралығында елордада «Түрік киносы күндері» басталды.

Мәдени іс-шара Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Бес күндік кинофестиваль аясында көрермен назарына халықаралық кинофестивальдерде жоғары бағаланған, «Оскарға» ұсынылған және түрлі жанрдағы алты фильм ұсынылады.

Фестивальдің ашылуына Түркияның Кинематография бас басқармасының басшысы Бирол Гүвен мен Қазақстандағы Түркия Елшісі Мұстафа Капуджу қатысады.

Сондай-ақ көрерменмен «Шүкір» сериалынан танымал Рыза Коджаоглу, «Жүректегі күз» телехикаясындағы Илай Еркөк және «Ертұғырыл», «Осман» сериалдарының актері Сезгин Ердемир кездеседі.

Кинофестиваль бағдарламасында 26 қарашада «Diğerkam» қысқаметражды фильмі мен «Оскар» сыйлығына Түркия атынан ұсынылған «Kesilmiş Bir Ağaç Gibi» драмасы көрсетіледі.

27 қарашада «Beklenti» драмасы, 28 қарашада «Mutluyuz Mu?» комедиясы, 29 қарашада балаларға арналған «Rafadan Tayfa: Kapadokya» анимациялық фильмі ұсынылады.

Ал 30 қарашада фестиваль «Bak Postacı Geliyor» романтикалық фильмімен қорытындыланады.

Айта кетейік, барлық фильмдер қазақша субтитрмен көрсетіледі. Кіру тегін, алдын ала тіркелу талап етілмейді. Көрермендер фильмдердің басталу уақыты мен жас ерекшелігіне қатысты шектеулерді ескеруі қажет.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0