«Қазатомөнеркәсіптің» бас директорларының бірі қызметінен кетті

Компанияның хабарлауынша, Дархан Сағындықовтың қызметтік міндеттері басшылық арасында қайта бөлінеді.

Қараша 27, 2026 - 12:56
 0  0
«Қазатомөнеркәсіптің» бас директорларының бірі қызметінен кетті
Фото: kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы» АҚ Сағындықов Дархан Танатұлы 2026 жылғы 26 қарашадан бастап Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор қызметінен өз еркімен кеткені туралы хабарлайды. Оның өтініші негізінде және корпоративтік процедураларға сәйкес, Компанияның Директорлар кеңесінің шешуімен Дархан Сағындықовтың Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшесі ретіндегі өкілет мерзімі тоқтатылды", – делінген компанияның мәлімдемесінде.

Компанияның хабарлауынша, Дархан Сағындықовтың қызметтік міндеттері басшылық арасында қайта бөлінеді.

"Қазатомөнеркәсіп өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда, ал міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған позицияның функционалдық міндеттемелері Компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылатын болады", – делінген хабарламада.

Дархан Сағындықовтың қызметінен кетуінің нақты себебі және оның орнына кім тағайындалатыны хабарланған жоқ.

Айта кетері, «Қазатомөнеркәсіп» – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2025 жылы компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндірісі әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20 пайызына жетті. Компанияның бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0