Алматыда бес адамның өліміне себеп болған өрт қасақана қойылған болуы мүмкін

Алматыдағы жантүршігерлік өртке қатысты тың дерек шықты

Қараша 28, 2026 - 22:47
 0  0
Алматыда бес адамның өліміне себеп болған өрт қасақана қойылған болуы мүмкін
фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған. 

Сондай-ақ оқиғаның қалай болғанын қалпына келтірген. Тергеу нұсқасы бойынша, өрт жеке бас араздығы салдарынан қасақана қойылған.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0