«Көргенсіздікке жатады»: Қайрат Нұртас тыңдарманын орнына қойды
Айта кетейік, Қайрат Нұртас елордада өткен концертінде сөмкесін лақтырған аруға мойнындағы бұйымын шешіп берген еді.
Әнші Қайрат Нұртас концертіне келген тыңдарманына ескерту жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Астанадағы концертінен кейін көрермендер оған сөмкесін лақтыруды шығарған.
"Мынау кімдікі? Тағы да алтын береді деп ойлап қалдың ба? Өйтіп бетке лақтырма, бауырым. Олай болмайды. Көргенсіздік, ұят болады ертең", деп ол сөмкесін өзіне кері лақтырып жіберді.
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін дұрысқа балады.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас елордада өткен концертінде сөмкесін лақтырған аруға мойнындағы бұйымын шешіп берген еді.