«Ішіп алған»: Уәлибек Әбдірайымов бата беремін деп сынға қалды
Видеода “Малой братан” лақап атымен танымал блогер Уәлибек Әбдірайымовтан бата сұраған. Әзілкештің қасында актер Жүсіп Ақшора да бар.
Танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы талқыға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Видеода “Малой братан” лақап атымен танымал блогер Уәлибек Әбдірайымовтан бата сұраған. Әзілкештің қасында актер Жүсіп Ақшора да бар.
«Жаның жәннатта болсын. Әй, Андрей, мына қазақтың ортасында абыройың өссін. Әй, жүр. Әумин»,– деді ол.
Желі қолданушылары актердің батасын сынға алды.
«Жасына жетпей алжыпты ғой», «Осылай да бата беруге бола ма?», «Екеуі де ішіп алған», «Удай мас қой», «Үлкендердің бәріне не болған?», «Қалжыңдаса да бұлай дегені дұрыс болмапты»,– деп жазды көпшілік.