Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы бес медаль жеңіп алды

Пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды.

Қазан 22, 2026 - 14:33
 0  5
Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы бес медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бірнеше жүлдемен толықты.

Жанбота Аманжол J2 санатында 95 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Садақ атудан ерлер арасында Нұршат Төлеуқасым W1 санатында Таиланд спортшысы Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңіп, қола медаль қанжығасына байлады.

Ядро серпуден F36 санатында Дастан Мұқашбеков пен Иван Зелезняк ел намысын қорғады. Дастан 15.47 метр нәтижемен күміс, Иван 12.71 көрсеткішімен қола медаль алды.

Пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды. Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді.

Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында 41 медаль бар: 10 - алтын, 12 - күміс, 19 - қола.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0