Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Жанкүйерлер бұл туынды арқылы Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени байланысты көрсетуді мақсат еткен.

Қараша 10, 2026 - 14:57
 0  0
Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды
Фото: dimashnews.com

Мексиканың Монтеррей қаласында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі салынған мурал пайда болды.

Ерекше туынды жергілікті Dimash&DearsRegiasMty фан-клубының ұйымдастыруымен салынған. Муралдың авторы – мексикалық суретші Antonio Art Mural. Арт-нысан Francisco Javier Mina көшесіндегі 1 140-үйдің қабырғасына салынған.

Жанкүйерлер бұл туынды арқылы Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени байланысты көрсетуді мақсат еткен. Жанкүйерлер мұралды Димаштың Монтеррейдегі концертіне орай әзірлеген. Әнші 14 қарашада DIMENSIONS әлемдік туры аясында қалада өнер көрсетеді

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0