Энергетика министрі Ақкенженов коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсайтынын айтты
Тілшілер "Сіз ай сайын коммуналдық төлемге қанша ақша жұмсайсыз?" деп сұрады.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайын коммуналдық төлемдерге қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тілшілер "Сіз ай сайын коммуналдық төлемге қанша ақша жұмсайсыз?" деп сұрады.
"Мен ай сайын коммуналдық қызметке шамамен 70-75 мың теңге төлеймін. Астанадағы "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде тұрамын. Бұл соманың ішіне интернет пен паркинг ақысы кірмейді. Мен бір паркинг орнын жалға аламын. Жалақым шамамен – 1,2 млн теңге", – деді Ерлан Ақкенженов.
Айта кету керек, бұған дейін елімізде жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқаны белгілі болды.