Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды. Президентті әуежайда Ресей үкіметінің өкілдері қарсы алды. Ресейдің ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 10–11 қараша аралығында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр. Форум бағдарламасы Еуразиялық тұрақтылық пен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылға арналған 20-ға жуық тақырыптық іс-шараны қамтиды. 10 қарашада ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті. 11 қарашада Владимир Путиннің төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.

Қараша 11, 2026 - 09:30
 0  1
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды.

Президентті әуежайда Ресей үкіметінің өкілдері қарсы алды. Ресейдің ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 10–11 қараша аралығында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр.

Форум бағдарламасы Еуразиялық тұрақтылық пен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылға арналған 20-ға жуық тақырыптық іс-шараны қамтиды.

10 қарашада ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті.

11 қарашада Владимир Путиннің төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0