Алматыда 19 жастағы жігіт Toyota көлігін нөмірсіз тізгіндеген
Оқиғаның мән-жайын 2026 жылғы 21 қазанда Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиғаның мән-жайын 2026 жылғы 21 қазанда Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Таңғы сағат 4:30-да Бостандық ауданында "Буран-421" экипажы мемлекеттік нөмірі жоқ Toyota көлігін байқаған. Жүргізуші тоқтау туралы талапқа бағынбай, полициядан қашуға тырысқан. Ол көлік қозғалысы көп көшелермен жоғары жылдамдықпен жүрген. Патрульдік полиция қызметкерлері Ходжанов көшесінде көліктің жолын бөгеп, қауіпті қозғалысты тоқтатты", – деп хабарлады полиция.
Жүргізуші бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды.
Рөлде Алматының 19 жастағы тұрғыны болғаны анықталды. Ол көлік басқарудан шеттетіліп, автомобиль арнайы айып тұрағына қойылды.
Алматы полициясы жолда өзіне шамадан тыс сенімділік танытып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысудың орынсыз екенін атап өтті. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, 2026 жылғы 21 қазанда Алматы полицейлері Алматы облысындағы Есік қаласынан келген отбасының ұлын кептеліске қарамастан шұғыл түрде ауруханаға жеткізуіне көмектескені белгілі болды.