Азия Пара ойындары: Қазақстан қоржыны тағы екі алтын жүлдемен толықты
Бұған дейін қазақстандық бес спортшы Азия Пара ойындарының чемпионы атанған болатын
Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер арасында B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
Осы жарыста Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский күміс медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында B класында өткен жеке уақытқа жарысуда қазақстандық А. Калаус пен оның пилоты П. Братчикова алтын медаль иеленді.