Нұршат Төлеуқасым Азия пара ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Бұл – Нұршат Төлеуқасымның биылғы Азия пара ойындарындағы екінші медалі.
Қазақстандық садақшы Нұршат Төлеуқасым Жапонияда өтіп жатқан V Азия пара ойындарында қола медаль иеленді. Спортшы W1 сыныбында ерлер арасындағы жекелей жарыста үшінші орын алды.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде Нұршат Төлеуқасым Таиланд өкілі Супхават Самутчаякиджді 6:2 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы ширек финалда Оңтүстік Корея өкілінен 7:3 есебімен басым түскен.
Алайда жартылай финалда Қытай спортшысына 0:6 есебімен жол берді. Бұл – Нұршат Төлеуқасымның биылғы Азия пара ойындарындағы екінші медалі.
Бұған дейін ол Темірлан Сейітқамалмен бірге W1 сыныбында ерлер арасындағы жұптық жарыста күміс жүлде жеңіп алған еді. Финалда қазақстандық дуэт Қытай құрамасына 0:6 есебімен есе жіберді.
Аталған күміс медаль Қазақстан тарихында Азия пара ойындарында осы спорт түрінен алынған алғашқы жүлде болды.