Қазақ футболы бір ай ішінде үш бірдей жас спортшысынан айырылды

Қазан 17, 2025 - 10:49
Қазан 17, 2025 - 11:40
 0  136
Қазақ футболы бір ай ішінде үш бірдей жас спортшысынан айырылды

Небәрі бір айдың ішінде Қазақстан футболы қатарынан үш бірдей жас ойыншыларынан айырылды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

23 қыркүйекте Павлодар мен Астана арасындағы тас жолда болған көлік апатынан "Жеңіс" футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Виктория Кайсаринова қаза тапты. Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, көлікті тізгіндеген жүргізуші жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, арақашықтықты дұрыс бағдарламаған. Нәтижесінде жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, қайғылы оқиға орын алды.

12 қазанда “Ақтөбе” футбол клубының 16 жасқа дейінгі командасында ойнаған Арон Муса кенеттен қайтыс болды. Қайғылы оқиға кезінде оның әжесі мен ағасы да өмірден өтті. Болжам бойынша, өлімнің себебі — көмірқышқыл газынан улану салдарынан болған.

Ал 16 қазанда, Бірінші лига турнирінде "Хан-Тәңірі" мен "Екібастұз" арасындағы матчта 19 жастағы шабуылшы Диас Төлеу ойын кезінде есінен танып, алаңда көз жұмды. Дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен, футболшыны аман алып қалу мүмкін болмады.

Қысқа уақыт ішінде болған бұл үш қайғылы жағдай Қазақстан футболына ауыр соққы болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 2
Жарайсың Жарайсың 0