1 шілдеден бастап ипотека мөлшерлемесі өзгереді

Сәуір 24, 2026 - 16:28
 0  11
1 шілдеден бастап ипотека мөлшерлемесі өзгереді
Фото: pixabay.com

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ипотека мөлшерлемесіне қатысты жаңа реттеу шаралары әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның сөзінше, 1 шілдеден бастап ипотека бойынша келесідей шекті мөлшерлемелер бекітіледі.

  • Егер ипотеканың бастапқы жарнасы 30%-дан асатын болса, шекті мөлшерлеме 20%-дан аспауы тиіс.
  • Егер бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, шекті мөлшерлеме 25%-дан аспауы керек.

«Банктермен негізгі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді, дегенмен әлі де техникалық жұмыстар бар. Мамыр айында осы қаулының жобасын ресми түрде жариялайтын боламыз», – деді Т.Сүлейменов.

Айта кетейік, бұған мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар (7-20-20, Ұмай, Наурыз) кірмейді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0