«10 жыл күттім»: Мархаба Сәби сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Наурыз 6, 2026 - 12:06
Наурыз 6, 2026 - 12:07
 0  4
«10 жыл күттім»: Мархаба Сәби сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
Фото: Sadaq.kz коллажы

Танымал әнші, сазгер Мархаба Сәби отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Өнер иесі  ана атанғанын әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде жариялады.

Әнші сүйінші хабарды оқырмандарына әсерлі бейнежазба арқылы жеткізді. Бейнежазбадан әншінің бірінші жүкті кезін, кейін  дүниеге келген  нәрестесін құшағына алып тұрған сәтін көруге болады. Мархаба бұл бақытты сәтті 10 жыл бойы күткенін айтты. 

«10 жыл күткен ботақанымыз, қош келдің!», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, нәрестенің бауы берік болуын тіледі. 

«Бауы берік болсын», «Мархабаның тұрмыс құрғанын да білмеппін», «Құттықтаймын», «Ғұмырлы болсын»,– деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0