«10 жылдан бері тағамын»: Баян Мақсатқызы мойнындағы «крест» туралы айтты

Шілде 24, 2025 - 16:02
Шілде 24, 2025 - 16:17
«10 жылдан бері тағамын»: Баян Мақсатқызы мойнындағы «крест» туралы айтты
Фото: видеодан скрин

Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде оқырман жиі қоятын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today

Оның айтуынша, крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіретіндер бар. Продюсер бұл оқырман ойлағандай белгі емес екенін айтты.

«Мойнымдағы бұл әшекейді он жылдан бері тағып жүрмін. Иә, бұл — крест. Бірақ бұл сіз ойлағандай «крест» емес, мұнда қазақтың қанындағы белгі бар. «Төртеу түгел болса» дегенді білдіретін төрттік «крест» бұл. Бұл – қазақтың ерекшелігін білдіретін таңба», — дейді Баян Мақсатқызы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow