Фейк: «Қазақстанда қызылша ауруының өршуіне америкалық биозертханалар себеп болған»

Қараша 14, 2023 - 08:43
Фейк: «Қазақстанда қызылша ауруының өршуіне америкалық биозертханалар себеп болған»

Қазақстанда қызылшаның өршуіне ел аумағында орналасқан «АҚШ биозертханалары» себеп болған туралы ақпарат жалған, деп жазады sadaqmedia stopfake сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөз әлеуметтік желіде «Қазақстанда қызылшаның өршуіне ел аумағында орналасқан «АҚШ биозертханалары» себеп болған» деген ақпаратқа байланысты Денсаулық сақтау министрлігінен ресми мәлімет сұраған.  

«Тағы бір хабарламаға сәйкес, Шымкентте вирус шашатын автобус жүр. Кейбір пайдаланушылардың айтуынша, мектептерде міндетті түрде маскамен жүру қажет. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл қауесеттерді жоққа шығарды», – деп жазады сайт.

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған қызылшаның таралуы АҚШ зертханаларымен байланысты екендігі, сондай-ақ Шымкентте вирус шашатын автобус жүргені туралы ақпараттар шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде қызылшаның таралуына байланысты маска тағу режимін енгізу қарастырылмаған.

«Қазақстанда балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде жоспарлы егулерді өткізіп алумен, медициналық шеттетулермен, ата-аналардың вакцинациядан бас тартуымен және вакцинацияның зияны туралы жалған теріс ақпараттың таралуымен, соның салдарынан вакцинамен басқарылатын инфекцияларға бейім адамдар санының көбеюімен байланысты. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен барлық азаматтардан ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуді сұраймыз», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow