Бірнеше қала "тоңып" отыр: Қазақстанда жылу жүйесіне жауапты вице-министр демалыста жүр

Желтоқсан 11, 2023 - 13:08
 0  577
Бірнеше қала "тоңып" отыр:  Қазақстанда жылу жүйесіне жауапты вице-министр демалыста жүр
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның электр энергетикасына жауапты вице-министр Жандос Нұрмағамбетов жылу беру маусымының күрделі кезеңінде демалысқа кеткен, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Энергетика министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, ол 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында болады. Артынша, осы лауазымынан кетеді.

«Вице-министр Жандос Нұрмағамбетов 16 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демаласына шығып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, артынша осы лауазымынан босатылады. Вице-министр мен басшылық арасында жанжал туындады деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Айта кетейік, осы салаға жауапты вице-министр демалыста жүргенде Қазақстанның бірнеше ірі қаласындағы жылу желілері алғашқы аязда-ақ істен шыққан. Ақтау, Балқаш, Жаңаөзен және Екібастұз қалалары 9 желтоқсаннан 10 желтоқсанға қараған түнде ішінара істен шығып, халық аязда жылусыз қалған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0