32 градус ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Сәуір 22, 2026 - 15:32
chat_bubble  0 visibility  3
32 градус ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп болжайды. Кейбір өңірлерде термометр бағандары 32 градусқа дейін жоғарылайды.

«Қазгидромет» РМК нақтылауынша, келесі аймақтарда ауа температурасы көтеріледі.

Солтүстікте: 18-27 градус жылы;

Орталықта: 22-30 градус жылы;

Шығыста: 20-28 градус, таулы аймақтарда 10-15 градус жылы;

Оңтүстікте: 27-32 градус, таулы аймақтарда 22 градус жылы;

Оңтүстік-шығыста: 20-30 градус, таулы аймақтарда 10-15 градус жылы.

Сонымен қатар, күндізгі ауа температурасы батыста 7–18 градусқа, солтүстік-батыста 10–20 градус жылыға дейін төмендейді.

«Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін», – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, сондай-ақ түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0