3630 метр биіктіктегі ажалмен арпалыс: Алматы тауларында альпинист құтқарылды

Қаңтар 26, 2026 - 00:13
Қаңтар 26, 2026 - 00:14
 0  2
3630 метр биіктіктегі ажалмен арпалыс: Алматы тауларында альпинист құтқарылды
Фото: бейнебаяннан алынған

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Мыңжылқы шыңында (теңіз деңгейінен 3630 метр биіктікте) ТЖМ құтқарушылары зардап шеккен альпинисті эвакуациялады. 112 ALMATY арнасының хабарлауынша, 59 жастағы ер адам тауда аяғын жарақаттап, өздігінен қозғалу мүмкіндігінен айырылған.

Оқиға орнына ТЖМ-нің 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесінің экипажы мен Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылар альпиниске алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді.

Айта кетейік, аталған құтқару бөлімшесі Шымбұлақ тау шаңғысы курортының маңында тәулік бойы кезекшілік етеді. Оқиғаның видеосы мен толық мәліметі 112 ALMATY арнасында жарияланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0