42 градус ыстық: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Қазгидромет 21–23 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді.
Күндіз ауа температурасы: еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында +20…+30°C; орталығы мен шығысында +22…+35°C; оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +27…+35°C болады.
Тек еліміздің батысында Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен жоғары температура сақталып, ауа температурасы +30…+42°C-қа дейін көтеріледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0