«Үлкен пандемия келе жатыр»: ғалымдар Сібірден «зомби-вирустар» табылғанын мәлімдеді
Індет қиыр солтүстікте пайда болып, содан кейін оңтүстікке таралуы да мүмкін.
Зомби-вирус немесе Мафусаил микробтарының штаммдарынан әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдардың пікірінше, ежелгі Сібір вирустарының оянуы жаһандық жылынуға байланысты болмақ.
Марсель университетінің генетигі Жан-Мишель Клавери жаһандық ғылыми қауымдастық климаты жылы елдерде аурудың өршу қаупіне назар аударғанымен, солтүстіктегі қауіпке мән бермей жатқанын айтты.
"Бүгінгі таңда пандемия қаупінің анализі оңтүстік аймақтарда пайда болуы мүмкін, содан кейін солтүстікке таралуы мүмкін ауруларға бағытталған. Керісінше, індет қиыр солтүстікте пайда болып, содан кейін оңтүстікке таралуы да мүмкін", – деді ғалым.
Роттердамдағы Эразмус медициналық орталығының вирусологы Марион Купманс да осы пікірге келісті. Ол мұзда қатып қалған вирустардың бірі түрлі ауруды, мысалы, полиомиелиттің ежелгі түрін тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?