88 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов пен жары Love Story түсірді

Халық әртісі мен журналистің махаббат сәті көпшіліктің ықыласына бөленді

Шілде 25, 2025 - 16:29
Шілде 25, 2025 - 16:33
88 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов пен жары Love Story түсірді
Фото: видео скрин

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов пен жұбайы Жадыра Сейдештің бейнежазбасы әлеуметтік желіде кең тарап, көпшіліктің назарын аударды. Олар отау құрғандарының 6 жылдығына орай видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

88 жастағы өнер майталманының жұбайымен түскен «махаббат видеосы» интернет қолданушылары арасында жылы лебіздер мен қолдау пікірлерін тудырды.

Әлеуметтік желіде таралған видеода ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген ықыласы мен сыйластығы көрініс тапқан.

«Не деген тамаша, Жадыра, сенің еңбегің. Ер адамды халық адамын сыйлағаның, сыйлатқаның үшін Қазақ халқының атынан мың да бір рақмет. Жадыра, айналайын, ағаның жағасын кірлетпей, қалай күтіп баптап жүргеніңді көріп жүрмін. Ағаның құрған «Жазира» ансамбльінде 10 жылдай әнші, концерт жүргізуші болдым. Көкемнің осындай жарқырап, жүргеніне саған ризамын. Дені сау болып, жүз жасасын. Құдай қуат берсін сендерге. Өзің нағыз хас сұлусың! Қарай бергің келеді», - деп жазған олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurgali Nusipzhanov (@nurgali_nusipzhanov_official)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow