Абай облысында алапат өрт болып жатыр

Өртті сөндіруге барлығы 140 адам, 33 техника және 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Қазан 22, 2026 - 13:05
 0  10
Абай облысында алапат өрт болып жатыр
Фото: видеодан скрин

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Ұзынбұлақ учаскесінде құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өрт елді мекеннен 22 шақырым қашықтықтағы батпақты жерде шыққан.

Оқиға орнында Абай және Жетісу облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, "Ауыл құтқарушылары" өрт сөндіру бекеттері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге барлығы 140 адам, 33 техника және 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланған. Елді мекендерге қауіп жоқ, сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0