«Адам өлтірген жоқ»: Жанабыловтардың келіні жанайқайын айтты (ВИДЕО)

Сәуір 24, 2026 - 12:17
app_badging Сәуір 24, 2026 - 12:25
chat_bubble  0 visibility  1
«Адам өлтірген жоқ»: Жанабыловтардың келіні жанайқайын айтты (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz.

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың келіні әлеуметтік желіде әділдік сұрап, жанайқайын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты. 

"4жыл өте көп уақыт. Былай қарайтын болсақ, ешкімді өлтірген жоқ, біреуді қағып кетіп қылмыс жасаған жоқ. Адамдар өз еріктерімен ешкімнің мәжбүрлеуінсіз алды. Балалары болса әлі кішкентай. Әрі қарай не боларын білмеймін. Барлығымыз қатты қорқып отырмыз. Күйеуім таңнан бері сол жақта. Қандай шешім тапса болады екен деп бәрі шырылдап, жүгіріп жүр. Әділдік болса екен",– деді Айханым Базарбай. 

Естеріңізге сала кетейік, прокурор Олжас Хайруллаевтың ерлі-зайыптыларға 4жыл сұрады. Дегенмен, Эльмира Төлегеноваға  жазасын өтеуді бір жылға кейінге қалдыруды айтқан болатын.Олар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, 247 миллион теңге көлемінде табыс тапқан. Сондай-ақ, олардың қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны дәлелденді.

Жанабылов пен Төлегеноваға Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі, 2-тармағы және 218-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0