Адам өмірі 150 жасқа дейін ұзарады: Әлемдік генетик «міндетті түрде болады» деп кесіп айтты

Қаңтар 25, 2026 - 15:33
Қаңтар 25, 2026 - 15:34
 0  2
Адам өмірі 150 жасқа дейін ұзарады: Әлемдік генетик «міндетті түрде болады» деп кесіп айтты
Фото: Pixabay.com

Биологиялық жасты өлшеудің негізін қалаушы, әйгілі генетик Стив Хорват адамзат тарихындағы ең өзекті мәлімдемелердің бірін жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz. Оның айтуынша, адам өмірін 150 жасқа дейін ұзарту — бұл алдағы уақытта сөзсіз жүзеге асатын шындық. Ғалым бұл межені «қолжетімді мақсат» деп атайды.

Хорваттың бұл сенімі оның көпжылдық зерттеулеріне, атап айтқанда, өзі ойлап тапқан «эпигенетикалық сағат»(Horvath Clock) технологиясына негізделген. Бұл құрал ДНҚ-дағы химиялық өзгерістерді талдау арқылы ағзаның нақты биологиялық жасын анықтайды.

Зерттеулердің басты мақсаты тек өмірді ұзарту ғана емес, адамның қартайған шағында да денсаулығын сақтап, сергек болуын қамтамасыз ету. Генетиктің айтуынша, 150 жастың ауылы бұрынғыдан әлдеқайда жақын.

Қазіргі таңда Хорват Джефф Безос қаржыландыратын Altos Labs институтында жасарту терапияларын әзірлеуде. Ол 2026 жылы жасанды интеллект пен биологияның бірігуі бұл салада үлкен серпіліс әкелетініне сенімді. Дегенмен, ғалым 1000 жылдық өмір туралы пікірлерді «фантастика» деп атап, тұтынушыларды күмәнді жасарту өнімдерінен сақ болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0