«Әкенің жоқтауы қандай зарлы еді»: Асанәлі Әшімовтің баласына арнап шырқаған әні көпті жылатты (ВИДЕО)

Сәуір 24, 2025 - 16:39
«Әкенің жоқтауы қандай зарлы еді»: Асанәлі Әшімовтің баласына арнап шырқаған әні көпті жылатты (ВИДЕО)

«Әшімов» театры желідегі парақшасына жантебірентерлік видео жариялады, — деп жазады ozgeris.info сайты.

Видеодан қойылымнан кейін Асанәлі Әшімовтің ән айтқанын, жанына ұлы келіп қосылғанын байқауға болады.

«Бұл жай ғана қойылым емес. Бұл — махаббат пен мұңның, жеңіс пен жоғалутдың, өнер мен өмірдің тоғысқан тақтасы», — деп жазды театр парақшасы.

Асанәлі Әшімов жанына соңынан ерген ұлын шақырып, «Жан балам» әнін орындайды.

«Ұғатын әке жанын сәбиімсің,

Жан балам, жабырқасам — Мәдиімсің

Сүйетін сағынғанда — Сағиымсың», — делінген әннің мәтінінде.

Желі қолданушылары аңыз актердің бұл орындауын ерекше толқыныспен қабылдады.

«Аталатсаң аталат, боталатпа, деп бекер айтпайды ғой», «Екеуіңіз де аман болыңыздар», «Көңілім босап, жылап алдым», «Сағи аман болғанда өзіңізден оза туған ұл болатын еді», «Әкенің жоқтауы қандай зарлы, иә», «Жылаттыңыз ғой», — деп жазды олар. 

Айта кетейік, видео 22-сәуір күні Атырауда өткен «Тағдыр тақтасы» драмасынан үзінді.

@ashimov.theatre

Билеттер https://almaty-ayenderi.kz сайтында ♬ оригинальный звук - ashimov_theatre

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow