«Әкесін ұрған бала үшін жауапты»: Имам Бас мүфтиді дүмшелікті жайлатты деп айыптады

Әкесін ұрып өлтірген сұмдық оқиғаға байланысты Ақыт қажы мешітінің бас имамы Жанарбек Мамбар пікір білдірді. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) түбегейлі өзгеріс қажет екенін айтып, бас мүфти Наурызбай Тағанұлына шүйлікті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Имамның айтуынша, жастарға дұрыс рухани тәрбие берілмеуінің жауапкершілігі діни басқарманың басшылығында.
«Әкесін ұрған бала үшін де Алла алдында бас мүфти Наурызбай Тағанұлы жауапты. Бірақ ол жауапкершілікті ұмытқан. Халықтың сенімін таптап, дүмшелікті жайлатты. Бас мүфтилікке лайықты емес», – деп жазды Жанарбек Мамбар.
Сондай-ақ ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында жастар тәрбиесіне ерекше тоқталғанын атап өтіп, өз үндеуінің қоғамға ой салуын қалағанын жеткізді.
Имамның пікірінше, болған оқиғаға байланысты бас мүфти халықтан кешірім сұрап, орнын босатуы тиіс.
Сіздің реакцияңыз қандай?






