«Ақындығы Елшынарға дарыған»: Мұхтар Шахановтың үлкен келіні ұрпағы туралы айтты

Сәуір 23, 2026 - 15:51
app_badging Сәуір 23, 2026 - 16:10
chat_bubble  0 visibility  3
«Ақындығы Елшынарға дарыған»: Мұхтар Шахановтың үлкен келіні  ұрпағы туралы айтты
Коллаж: Sadaq.kz.

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың үлкен келіні ақынның ұрпақтары туралы айтып, қайын атасы туралы сыр шертті, деп хабарлайды Sadaq.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Үлкен келіні Гүлжан Исаеваның айтуынша, 
ақынның екі ұлынан таралған тоғыз немересі мен он шөбересі бар. 

Ақын ұрпақтарына – Нұрмерей, Елқанат, Ұлтқыран, Дінмұхаммед, Сара, Сәтмөр, Балнұр, Елшынар, Әділ, Елсұңқар, Асыл, Нұрмұхаммед секілді өте ерекше есімдер қойған. 

Келінінің сөзінше, атасының ақындық қасиеті Елшынар атты шөбересіне дарып, өлең жазуға қазірден әуестеніп жүрген көрінеді.

Сондай-ақ, балаларының тек қазақша сөйлеп, ана тіліне деген құрметтерінің шексіз екенін айтты. Гүлжан Исаева ақынның мол мұрасы артында қалған барлық ұрпақтарына өмірлік азық дейді. 

Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов – 1989 жылы 22 қыркүйекте мінберге шығып, қазақ тілінің мәртебесі үшін күрескен ақын.  

Қазақ руханияты қара жамылып, абыз ақын Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Соңғы аманаты бойынша Отырар маңына жерленді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0