Ақмола облысында 8 жастағы қызды көлік қағып, қайтыс болды

Қыркүйек 8, 2026 - 11:00
 0  37
Ақмола облысында 8 жастағы қызды көлік қағып, қайтыс болды
Фото: instagram.com/makinsklife

7 қыркүйек кешкісін Макинск қаласында Mercedes көлігі 2018 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Бала медициналық мекемеде көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Апат шамамен сағат 18:00-де Мәскеу көшесінде болған.

Mercedes көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0