Ақмола облысының тұрғыны оққа ұшып мерт болды
Қайғылы оқиға Зерендідегі аңшылық шаруашылық аумағында орын алған. Топ мүшесінің бірі аңды атамын деп, абайсызда танысын атып жіберген, деп жазады Sadaq.kz.
Оқ тиген 64 жастағы ер адам тіл тартпастан кеткен. Қайғылы оқиға 6 қыркүйек күні таңертең Қызылтаң ауылының маңындағы аңшылық кезінде болған.
Тергеу мәліметінше, 6 адамнан тұрған топ аңшылар елік атуға аңға шыққан. Көкшетау тұрғынының мылтығынан кенеттен артқа қарай абайсызда оқ атылған. Аң аулау шарасы тиісті рұқсат қағаздары мен жолдамалар негізінде заңды түрде ұйымдастырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Қарудың иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себептері мен оқиғаға қатысушылардың әрекеттері тексеріліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0