АҚШ-та тұратын Николас Пикколо Қарағандыдан туған ата-анасын іздейді
Америка Құрама Штаттарының азаматы Николас Пикколо (Nicholas Piccolo) өзінің қазақстандық туған туыстарын іздестіруде. Ол 2003 жылы Қарағанды қаласындағы балалар үйінен асырап алынған. Қазіргі уақытта Николастың жұбайы әлеуметтік желі арқылы оның отбасы туралы ақпарат білетін жандарды іздеп жатыр.
Қолда бар ресми құжаттарға сәйкес, Николастың туған кездегі есімі — Умурзаков Руслан. Ол 1998 жылы 26 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. Балалық шағының бір бөлігін осы қаладағы «Малютка» (қазір «Шапағат») балалар үйінде өткізген.
Асырап алу процесі 2003 жылдың 19 қаңтарында аяқталған. Сол кезде 4 жастағы Русланды Америка азаматы Дебра Линн Пикколо (Debra Lynn Piccolo) заңды түрде өз қамқорлығына алып, АҚШ-қа алып кеткен. Содан бері ол шетелде тәрбиеленіп, есейгенімен, өзінің туған жері мен биологиялық ата-анасы туралы ақпарат алуды мақсат етіп отыр.
Николастың отбасы кез келген көмекке мұқтаж. Олар әсіресе 1998-2003 жылдар аралығында аталған балалар үйінде қызмет еткен қызметкерлерден немесе Умурзаковтар әулеті туралы мәліметі бар азаматтардан хабар күтеді.
Бұл оқиға бойынша Sadaq Media редакциясы журналистік зерттеуді бастады.
Егер сізде осы іске қатысты қандай да бір ақпарат болса, немесе аталған есім-сойлар таныс болса, редакциямызға хабарласуыңызды сұраймыз.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0