АҚШ-тағы суға құлаған ұшақта әлем чемпиондары болған — БАҚ
Бүгін таңертең American Airlines ұшағы Вашингтондағы Потомак өзеніне құлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бортта бірнеше мәнерлеп сырғанушы болуы мүмкін, — деп хабарлайды sadaq.kz.
Алдын ала деректер бойынша Вичитадан Вашингтонға ұшқан ұшақ бортында 60-қа жуық жолаушы болған. Жуырда Вичитада мәнерлеп сырғанаудан АҚШ чемпионаты өтті, деп жазады Massaget.kz.
«Элиталық дивизионға іріктеуден өткен мәнерлеп сырғанаушылар қосымша бір күнге қалды, кейін олардың бірнешеуі American Airlines 5342 рейсіне отырған», — деп келтірді The Kansas City News басылымы ұлттық команданың мәнерлеп сырғанушысы Люк Ванның сөзін.
Sports.ru ақпаратына сүйенсек, спортшылардың арасында 1994 жылғы жұптық мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары, ресейлік Евгения Шишкова мен Вадим Наумов болуы мүмкін. Спорттағы карьерасын аяқтағаннан кейін олар АҚШ-қа көшіп, жаттықтырушылық қызметін жалғастырған. Олардың ұлы Максим Наумов АҚШ құрамасында өнер көрсетеді, өткен чемпионатта 4-орынға ие болған.
Mash Telegram арнасы бортта болуы мүмкін спортшылар тізімін жариялады.
- Эндрю Торгашев;
- Максим Наумов;
- Алиса Ефимова;
- Миша Митрофанов;
- Кэти Макбет;
- Даниил Паркман;
- Кристина Каррейра;
- Энтони Пономаренко;
- Алексей Щепетов;
- Аннабель Морозов;
- Артем Маркелов;
- Антон Спиридонов;
- Данила Савельев.
АҚШ-тың мәнерлеп сырғанау қауымдастығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?