Ақтауда бір топ бала 17жастағы жасөспірімді соққыға жыққан
Ақтауда бір топ жас жігіт 17 жастағы екі жасөспірімге шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал 20-шағын ауданда болған. Бір топ жас жігіт екі бозбалаға шабуыл жасап, оларға дене жарақаттарын салған. Оқиғаның бір бөлігін жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінің терезесінен видеоға түсіріп алған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталған — екеуі де 17 жаста. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.
Мәліметтерге сәйкес, жанжалға қатысушылар бір-бірін танитын болған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0