Ақтауда жүргізуші мен жас жігіт төбелесіп қалды

Қыркүйек 9, 2026 - 22:59
chat_bubble  0 visibility  2
Ақтауда жүргізуші мен жас жігіт төбелесіп қалды
Фото: Lada.kz

Ақтауда жүргізуші мен жас жігіттің арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Lada.kz мәліметінше, оқиға 9 қыркүйек күні кешке 26-шағынаудандағы №31 үйдің маңында болған.

Кадрларда ер адамның жас жігітті ұрып, жерге құлатқаны көрінеді. Оларды бірнеше жүргізуші ажыратуға тырысқан. Кейін жанжал қайта жалғасып, жас жігіт жүргізушінің басынан ұрған.

Жүргізуші көлігіне отырып кеткеннен кейін, жас жігіт оны жол қиылысында қуып жетіп, көлік есігін ашуға әрекет жасаған. Куәгерлердің бірі жігітті шетке алып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін жас жігітті полиция алып кеткен, ал жүргізуші оқиға орнынан көлігімен кетіп қалған.

Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта жәбірленуші арыз жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0