Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты

Әріптесі зардап шеккен азаматты қауіпсіз жерге алып шыққан. Алайда көп ұзамай жұмысшының денесі құрысып, есінен танып қалған.

Қазан 21, 2026 - 15:49
 0  5
Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты
Фото: Pixabay

Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында 2002 жылы туған жас кенші қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Қазхром» компаниясының мәліметінше, қайғылы жағдай 20 қазанда болған. 24 жастағы  кенші шахтада қорғаныш бекітпесін орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде тау жынысы опырылған. Әріптесі зардап шеккен азаматты қауіпсіз жерге алып шыққан. Алайда көп ұзамай жұмысшының денесі құрысып, есінен танып қалған.

Белгілі болғандай, оқиға туралы хабарлама сағат 23:37-де түскен. Жұмысшыны эвакуациялау тобы 23:45-те жетіп, оны 23:59-да шахтадан шығатын орынға жеткізген. Түнгі сағат 00:10-да зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер ауруханаға жеткен кезде жұмысшының қайтыс болғанын анықтаған.

Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланған. Қазіргі уақытта мамандар қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0