Ақтөбеде бала күтушісі үй иесін тонап кеткен

Наурыз 13, 2026 - 16:40
chat_bubble  0 visibility  1
Ақтөбеде бала күтушісі  үй иесін тонап кеткен
Фото: pixabay.com
Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы  Ақтөбе облысының полиция департаменті мәлімдеді. 
Полицияның айтуынша, күдікті әйел биыл қаңтар айынан бастап Ақтөбеде бала күтуші болып жұмыс істеген. Сол кезде үй иесінің бірнеше зергерлік бұйымдарын ұрлаған. Көпбалалы отбасы бағалы бұйымдарының жоғалғанын наурыз айында бірақ біліп, полицияға хабарлаған.
Белгілі болғандай, үй иелері бала күтушіні әлеуметтік желіде хабарлама беру арқылы тапқан. Бала күтуші алтындарды біртіндеп жасырын алып кетіп, ломбардқа тапсырып отырған.
"Ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған заттардың ішінде алтын сырға, алқа, сақиналар бар. Жәбірленушіге келтірілген залал 3 миллион теңге", – дейді полицияда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0