Ақтөбелік оқушылар қару ұстаған суреттерін TikTok-қа жариялаған

Сәуір 25, 2025 - 11:46
 0  56
Ақтөбелік оқушылар қару ұстаған суреттерін TikTok-қа жариялаған

Ақтөбелік жасөспірімдер қолдарына суық қару ұстап, суреттерін TikTok әлеуметтік желісіне жүктеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция 6 жасөспірімді анықтап, олардан суретке не үшін түскендерін сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тексеру барысында анықталғандай, олардың бесеуі – Ақтөбе қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, ал біреуі – аудандық мектептердің бірінің жоғары сынып оқушысы болып шықты.

Жасөспірімдердің бірінен газды тапанша тәркіленді. Тәртіп сақшыларына олар бұл әрекеттерге контент үшін барғандарын, қорқыту мен зорлық-зомбылықты насихаттау мақсатында емес, тек қызығушылықтан жасағандарын түсіндірді. 

Аталған факт бойынша кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, олар профилактикалық есепке алынды. Жарияланған посттар жойылып, жасөспірімдер оқитын білім беру ұйымдарында қосымша түсіндіру және алдын алу шаралары ұйымдастырылды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0