Әлия Назарбаеваның компаниясы қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырды

Маусым 7, 2024 - 15:50
Маусым 7, 2024 - 15:50
Әлия Назарбаеваның компаниясы қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырды
dalanews.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеже қызы Әлия Назарбаеваның Clean City NC компаниясы  қорғаныс министрлігінің Ақмола облыстық жедел бөлімшесімен келісімге отырды. 

Clean City NC қорғаныс министрлігінің Ақмола облыстық жедел бөлімшесімен келісімшартқа отырды. Келісім осы жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.

Келісімшарттың жалпы құны салықты қосқанда 20,3 миллион теңге болады.

Еске салсақ, Астана әкімдігі елордада қоқыс шығарумен айналысатын компаниялар арасында байқау өткізді. Жеңімпаздардың бірі – «Clean City NC» компаниясы болды.

Бұған дейін осы нарықта монополияға ие «Clean City NC» компаниясы бүкіл қалаға дербес қызмет көрсетіп келді. Қазір әкімдік қаланың әр ауданына бес мердігер компанияны таңдап алды. «Clean City NC» енді елорданың Алматы ауданында қоқыс шығарумен айналысатын болады.

Orda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow